Зерде • Бүгін, 10:33

Қазақ бөлімін ашуға бастамашы болған ғалым

4 мин
оқу үшін

Белгілі тілші, тер­минолог-ғалым, про­фессор Жәкен Мол­дажаровтың туғаны­на 95 жыл толуына орай Қа­зақ ұлттық қыздар универси­те­тінде «Мемлекеттік тіл және әлем тілдерін оқыту: тәжіри­белер мен жаңа технологиялар» атты тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Қазақ бөлімін ашуға бастамашы болған ғалым

Қазақ тілі ғылымын да­мы­туға саналы ғұмырын арна­ған профессор Жәкен Мол­дажаровтың артында мол мұра қалды. Ғалым басшылық қызметте жүрсе де, ғылыми зерттеу ісіне белсене қатысып, қазақ тілінде оқулықтар жа­зуға ден қойды. 1983–1992 жылдары қазіргі Қазақ ұлттық қыздар университетінің шетел тілдері кафедрасына бас­шы­­лық етіп, 1992 жылдан өмі­рінің соңына дейін «Қай­нар» университетінің бірінші проректоры болды. Сондай-ақ Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде ағылшын факультетінің деканы, оқу орнының проректоры болып қызмет етті. Сол жылдары жоғары оқу орнында қазақ бөлімін ашуға бастамашы болып, қазақ бөлімі студенттерін оқулықтармен, көптеген әдістемелік құрал­мен қамтамасыз етуге басшы­лық етті. Қазақ ұлттық қыз­дар педагогикалық универ­ситетінің партия ұйымы хат­шысы әрі шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі болды.

Профессор Ж.Молда­жаров жаңа қызметке тағайындала салысымен кафедраның ғы­лы­ми-педа­гогикалық құра­мы сапасын арттыруға баса назар аударды. Оқыту­шы­­лар­­ды мақсатты түрде ас­пи­­рантураға жіберіп, 3–5 жыл ішінде кафедраны ғы­лым кан­дидаттарымен толық­тырды. Лингвистикалық тер­миндердің қалыптасуы мен дамуына арналған мо­ног­рафиялық еңбектер мен мектепке арналған ағыл­шын тілі оқулықтары автор­ларының бірі ретінде кафедра мүшелеріне оқу, оқу-әдіс­темелік құралдар, қазақ­ша-орысша-ағылшынша көп­тілді сөздіктер жазуға бас­шылық етті. Ғалым «Қазақ лингвистикалық термино­логиясының қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Стилистиканы зерттеумен айналысты. Ол – 80-нен аса ғылыми еңбектің авторы. 1964 жылы алғаш рет ағылшын тілі мұғалімдеріне арнап оқу құралын жазды.
Алқалы жиынның ашыл­уын­да Қыздар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Кәрімова: «Оқу орнының шетел тілдері кафедрасын ұзақ жыл басқарып, оның ғылыми әлеуетін арттыруға зор үлес қосқан көрнекті ғалым Жәкен Молдажаровтың 95 жылдығына арналған жиын бәсекеге қабілетті педагогтер даярлаудың жаңа бағытын айқындап, тың бастамаларға жол ашады. Қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттік тілді сапалы меңгертумен қатар, әлем тілдерін кәсіби деңгейде оқыту – заман талабы», деп атап өтті.

Шетел тілдерін оқытудың өзекті мәселелерін сөз еткен академик Кәрімбек Құрманәлиевтің пікірінше, көп тіл меңгерген тұлға қалыптастыру, шет тілін оқытуды жаңа деңгейге жеткізу мәселесі егемен еліміздің білім жүйесінің маңызды міндетіне айналып отыр.

«Профессор Жәкен Мол­дажаровтың Алматы педа­гогикалық шет тілдері институтында қазақ бөлімін ашып, студенттерге ағылшын, неміс, француз тілдерінде оқулық­тар жазуға, оқу құралдарын дайындауға үлкен үлес қосқан ғалымның отандық тіл білімін дамытудағы орны айрықша. Көптілді меңгерген мамандар даярлау ісінде, тұлға қалыптастыру үдерісінде тілдік құзыреттілікті арттырып қана қоймай, іскерлік қарым-қатынас тілін дамытып, қоғамның лингвистикалық, интеллектуалдық әлеуетін арттыруға зор үлес қосқанын ұмытпауымыз керек. Қа­зіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген жастарымыз күн санап артып келеді. Бұл – қуанарлық жайт. Бірақ бірнеше шетел тілін меңгеріп, өкінішке қарай, ана тілімізде сөйлей алмайтын немесе сөйлемейтін жас­тар қатарының да көп екені қынжылтады. Осы тұста, халқымыздың біртуар азаматы Халел Досмұхамедовтің «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөй­лесең, бұл – күйініш» деген қағидатын әр кез қаперде ұстағанымыз жөн», деді академик өз сөзінде.

Жиын барысында академик Зейнеп Базарбаева, филология ғылымдарының докторы, профессор Таңат Аяпова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жаңалық Балтабаева, Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ профессоры, PhD Алтыншаш Құрманәлі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Сәтбекова, тағы да басқа ғалымдар баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

Жиын соңында профессор Ж.Молдажаровтың қызы Динара Жәкенқызына университет тарапынан сый-құрмет көрсетілді.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Берлинде бас қосқандар

Таным • Бүгін, 11:18

Ұшақ қонатын күн алыс емес

Аймақтар • Бүгін, 11:17

Жалғыздықты жеңген мейірім

Аймақтар • Бүгін, 11:14

Елдос татамиге оралады

Спорт • Бүгін, 11:08

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:05