Фото: ашық дереккөз
Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі Шымкентке тиесілі: бір жыл бұрынғы өнім көлемі 32,7 млрд теңге болса, биылғы өнім көлемі 26,9 млрд теңгені құрады. Екінші және үшінші орында Алматы облысы (25,3 млрд теңге) және Алматы (16,2 млрд теңге) қалалары тұр.
2023 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстан 694,2 млн АҚШ долларына 13,9 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады. Физикалық мәнде өсім 11,9%, ақшалай керісінше, 3,7% төмендеген.
Қазақстанға ТМД елдерінен 62,7 млн АҚШ долларына 4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Ең көп Ресейден әкелінді: 2,9 мың тонна, былтырғыдан 14,7% аз. Негізгі бес жеткізушілердің қатарына Беларусь, Украина, Өзбекстан және Молдова кірді.
Тамыз айының қортындысы бойынша, Қазақстанда фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір айда 0,3%, бір жылда 9,8% өсті.