Фото: vogue.com
Исак Андик 2024 жылдың желтоқсан айында Каталониядағы Монсеррат тауында отбасымен жаяу серуен кезінде көз жұмған. Оқиғадан кейін ұлы әкесінің тайып кетіп, 150 метр биіктіктен құлағанын айтқан.
Бастапқыда ол дәл осындай түсініктемені полицияға да берген. Алайда тергеушілер оның сөздерінен қайшылықтар тауып, кейбір дәлелдерді анықтаған соң, кәсіпкердің ұлынан күдіктенеді.
Тергеу барысында әке мен баланың қарым-қатынасы күрделі болғаны және қайғылы оқиға алдында олардың жанжалдасқаны белгілі болды.
Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген қызметкер ауруханада қайтыс болды
Судья кіші Андикті уақытша қамауға алуды сұрағанымен, ол 1 миллион еуро кепіл төлегеннен кейін босатылды. Джонатан Андик апта сайын сотқа келіп тұруы тиіс, оның паспорты тәркіленіп, Испаниядан шығуына тыйым салынды. Өзі және адвокаттары бірнеше рет кінәсіз екенін мәлімдеген.
Сондай-ақ Джонатан Андик компания директорлар кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарғаны хабарланды.
Исак Андик Mango брендін 1984 жылы ағасы Нахманмен бірге құрған. Компанияның 110 елде 2 100-ден астам дүкені бар. Ритейлер 2023 жылы рекордтық көрсеткішке жетіп, 3,1 миллиард еуро табыс тапқан. Исак Андик 71 жасында қайтыс болды.
Бұдан бұрын Атырауды дүр сілкіндірген Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты тергеу аяқталғаны туралы хабарладық. Күдікті тек адам өлтіріп қана қоймай, марқұмдардың малын сатып, ақшасын ұрлаған болып шықты. Енді ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.