Жасанды интеллект • Бүгін, 11:08

ChatGPT банк шоттарын тексеру функциясын іске қосты

1 мин
оқу үшін

OpenAI компаниясы ChatGPT платформасында жеке қаржыға арналған жаңа бөлімді тестілеуді бастады. АҚШ-тағы ChatGPT Pro қолданушылары енді банк, несие, брокерлік және өзге де қаржылық шоттарын жүйеге байланыстырып, шығындары мен инвестицияларын бір жерден бақылай алады, деп жазады Egemen.kz.

ChatGPT банк шоттарын тексеру функциясын іске қосты

Фото: Ашық дереккөз

Жаңа мүмкіндік әзірге АҚШ-тағы қолданушылардың бір бөлігіне ғана веб-нұсқа мен iOS жүйесінде қолжетімді. Платформа арқылы пайдаланушылар шығындар, жазылымдар, қарыздар мен жинақтар бойынша ортақ панельді көріп, өз қаржысына қатысты сұрақтарды нақты деректер негізінде қоя алады.

Флорида тұрғыны ChatGPT-дің көмегімен үйін 5 күнде сатқан

ChatGPT шығындарды санаттарға бөліп талдап, тұрақты төлемдер мен жазылымдарды анықтайды. Сондай-ақ капитал өзгерісінің динамикасын көрсетіп, бюджет жоспарлауға, ақша жинауға, қарызды өтеуге және ірі сатып алуларды есептеуге көмектеседі.

60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты

BILD басылымының жазуынша, OpenAI қауіпсіздік талаптарына ерекше мән беріп отыр. ChatGPT арқылы ақша аудару, шот төлеу, аккаунт баптауларын өзгерту немесе қаржылық мәміле жасау мүмкін болмайды. Сонымен қатар жүйе пайдаланушылардың банк шоттарының толық нөмірін көрмейді.

Еске салайық, ЖИ діни сұрақтарға да жауап береді.

Соңғы жаңалықтар