Егемен Қазақстан • 02 Тамыз, 2023

Журналистер саябағында жас журналистерге арналған дәріс өтті

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Егемен Қазақстан» газеті көшесінде орналасқан Журналистер саябағында жас журналистерге арналған шеберлік дәрісі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистер саябағында жас журналистерге арналған дәріс өтті

«Egemen Qazaqstan» газетінде тағылымдамадан өтіп жатқан, еліміздің әр өңірінде медиа және коммуникация саласында оқитын студенттер мен түлектерге арналған шеберлік дәрісін «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары Қамбар Ахмет өткізді. Онда мақала жазу, ақпарат дайындауда нені ескеру керек, жас журналистерде жиі кездесетін қателіктер, ақпаратты тексеру, жалған ақпаратты анықтау тәсілдері туралы сөз болды. Дәріске қатысушылар мәтінді талдау, жіберілген қателерді табу секілді тапсырмаларды орындап, кәсіби маманның тәжірибесін тыңдады.

 а

Дәріс соңында «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Айтолған Жүнісхан дәріске қатысушылар үшін бірнеше кезеңнен тұратын куиз ұйымдастырды.

Қамбар Жұмағалиұлы дәріске қатысып, интеллектуалды сайыс сұрақтарына тапқырлықпен жауап бергені үшін жас журналистерге сый-сияпат жасады.

а

Айта кету керек, Журналистер саябағында ерекше форматтағы мұндай дәріс тұңғыш рет өткізілді. «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары Қамбар Ахмет серіктестікке қарасты басылым ұжымдары жас журналистердің біліктілігін арттыру мақсатында осы секілді тәжірибе бөлісу шараларын жиі өткізіп тұруға мүдделі екенін айтты.