Қоғам • Бүгін, 14:40

Құрбан айт қарсаңында мал бағасы қымбаттады

1 мин
оқу үшін

Құрбан айт мерекесі қарсаңында елімізде құрбандыққа шалынатын мал бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрбан айт қарсаңында мал бағасы қымбаттады

Фото: muftyat.kz

2026 жылдың наурыз айындағы дерекке сәйкес, елде мал басы өсімі жалғасқан. Ірі қара мал саны 9,2 млн басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2,9%-ға артқан. Қой саны 21,1 млн бастан асып, 2,3%-ға көбейген. Жылқы саны 4,8 млн басқа жетіп, ең жоғары өсім – 7,1% тіркелген. Түйе саны 312,6 мың басқа дейін артқан.

Мал саны саны артқанымен, нарықтағы баға төмендемеген. Орта есеппен сиырдың бағасы 489,3 мың теңге, бұқа – 526,7 мың теңге, жылқы – 581,3 мың теңгеге тұрақтаған. Ал төрт түліктің ішінден ең қымбат мал түрі саналған түйенің бағасы 800 мың теңгеден асады. Қой 77-86 мың теңге аралығында болса, ешкі шамамен 45 мың теңге болған.

Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді

Қой, ешкі, ірі қара және түйе бойынша құрбандық бағалары өңірлерге қарай өзгеріп отыр. Ірі қараға – 630 мыңнан 945 мың теңгеге дейін, қойға – 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін, ешкіге – 55 мыңнан 100 мың теңгеге дейін, ал түйеге бірыңғай 1,1 млн теңге белгіленген.

Мамандардың айтуынша, бағаның өсуіне маусымдық сұраныс, әсіресе Құрбан айт алдындағы белсенділік әсер етіп отыр.

Еске сала кетейік, биыл алғаш рет Қазақстанда құрбан шалуды онлайн форматта жүзеге асыру мүмкіндігі енгізілді.

Соңғы жаңалықтар

Жауапкершілік мәдениетінің бүгінгі белесі

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:32