Петиция авторларының пікірінше, қазіргі 10–15 км/сағ жылдамдық шектеуі қала жағдайына сәйкес келмейді. Олардың айтуынша, Алматының жер бедері еңісті болғандықтан, мұндай жылдамдықпен самокаттар биікке көтерілгенде қуатын жоғалтып, ыңғайлы көлік құралы болудан қалады.
Құжатта веложолақтарда электрсамокаттардың ең жоғары жылдамдығын 25 км/сағ, ал қала көшелерінде 15–20 км/сағ деңгейінде белгілеу ұсынылған.
Кәмелетке толмағандарға электросамокатпен жүруге тыйым салынады
Ал мектеп, аурухана, балабақша маңы мен саябақтарда қолданыстағы 10 км/сағ жылдамдық шектеуін сақтау ұсынылып отыр.