Қоғам •

Астана-Омбы бағыты бойынша рейстер уақытша тоқтатылды

1 мин
оқу үшін

VietJet Qazaqstan әуе компаниясы Ресей аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарының белсенділігіне байланысты 9-20 шілде аралығында Астана - Омбы - Астана бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz

Астана-Омбы бағыты бойынша рейстер уақытша тоқтатылды

Рейстері тоқтатылған жолаушыларға екі нұсқа ұсынылды: билет құнын, соның ішінде трансферлік бағыттарды қоса алғанда, толық көлемде қайтару немесе 14 шілдеден бастап мүмкін болатын Петропавл арқылы балама бағытты пайдалану.

Бішкекте ұшақ апаты: «Манас» әуежайындағы барлық рейс уақытша тоқтатылды

Жаңа бағыт бойынша жолаушылар алдымен Астанадан Петропавлға ұшақпен жетеді. Одан әрі Омбыға дейін әуе компаниясы ұйымдастыратын автобуспен жеткізіледі. 

Соңғы жаңалықтар