Қоғам •

Қазақстанда орташа айлық табыс 252 мың теңгеден асты

1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа айлық номиналды ақшалай табысы 252 619 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда орташа айлық табыс 252 мың теңгеден асты

Бұл көрсеткіш 2025 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 11,8%-ға артқан. Алайда тұтыну бағалары индексін ескергенде халықтың нақты табысы небәрі 0,1%-ға ғана өскен.

Ең жоғары орташа номиналды табыс Алматы қаласында тіркелді. Мұнда жан басына шаққандағы айлық табыс 408 182 теңгені көрсетіп отыр.

Одан кейінгі орындарда:

Ұлытау облысы – 353 036 теңге;

Астана қаласы – 352 811 теңге;

Атырау облысы – 323 716 теңге;

Маңғыстау облысы – 288 891 теңге.

Ал ең төменгі көрсеткіштер мына өңірлерде байқалды:

Түркістан облысы – 143 409 теңге;

Шымкент қаласы – 160 951 теңге;

Жамбыл облысы – 166 768 теңге;

Жетісу облысы – 173 876 теңге;

Қызылорда облысы – 178 795 теңге.

Өңірлер арасында номиналды табыстың ең жоғары өсімі Алматы облысында тіркелді – 19,1%. Екінші орында Қарағанды облысы, мұнда көрсеткіш 16,4%-ға артқан.

112 мың теңге: Ел азаматтарының орташа айлық шығыны есептелді

Ұлттық статистика бюросының түсіндіруінше, халықтың номиналды ақшалай табысына тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға жұмсалатын қаражат кіреді. Бұл көрсеткіш жалдамалы еңбек пен өзін-өзі жұмыспен қамтудан түсетін табысты, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді қамтитын макроэкономикалық есептеу әдісі арқылы анықталады.

Соңғы жаңалықтар