Экономика •

Қазақстанда халықтың атаулы ақшалай табысының өсуі байқалды

1 мин
оқу үшін

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы айына 252 619 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға жоғары. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда халықтың атаулы ақшалай табысының өсуі байқалды

Ведомство мәліметінше, осы кезеңде тұтыну бағалары индексі 11,7%-ды құраған. Соның нәтижесінде халықтың нақты ақшалай табысы небәрі 0,1%-ға өскен.

Өңірлер арасында жан басына шаққандағы ең жоғары орташа айлық табыс Алматы қаласында тіркелді. Мұнда бұл көрсеткіш 408 182 теңгені құрады. Екінші орында Ұлытау облысы – 353 036 теңге, ал үшінші орында Астана қаласы – 352 811 теңге.

Орташа табыс – 133 мың теңге: Ел тұрғындары ақшасының көп бөлігін қайда жұмсайды?

Ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында тіркеліп, орташа айлық табыс 143 409 теңгені құраған.

Номиналды ақшалай табыстың ең жоғары өсімі Алматы облысында байқалды. Мұнда көрсеткіш бір жылда 19,1%-ға артқан. Сондай-ақ Қарағанды облысында өсім 16,4%-ды құрады.

Ұлттық статистика бюросының түсіндіруінше, атаулы ақшалай табыс – халықтың жалдамалы және өзін-өзі жұмыспен қамтудан, әлеуметтік төлемдерден және өзге де көздерден алатын табысының жиынтығы. Ал нақты ақшалай табыс инфляция деңгейі ескерілгеннен кейінгі сатып алу қабілетін көрсетеді.

Ел тұрғындары табысының қанша бөлігін киім-кешекке жұмсайды?

Ұлттық статистика бюросы жарияланған мәліметтердің алдын ала есеп екенін және бастапқы деректер нақтылануына байланысты қайта қаралуы мүмкін екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар