Фото: Видеодан алынған кадр
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға түнгі уақытта болған. Күдікті полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде көп ұзамай ұсталған.
Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетілді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.
Ақтау жағалауындағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды
Еске сала кетейік, 27сәуір күні Атырау облысы Индербор кентінде болған жанжал атысқа ұласып, бір адам жараланған еді.