Фото: istockphoto.com
ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шетел азаматының жүгін тексеру барысында 350 мың долларды (шамамен 170 миллион теңге) заңсыз алып өтпек болғанын анықтаған.
«Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды. ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасына сәйкес ел аумағынан 10 мың доллардан асатын қолма-қол ақшаны алып шығуға тыйым салынғанын еске салады», делінген ҰҚК хабарламасында.
ҰҚК мәліметінше, 30 маусым мен 7 шілде аралығында мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде декларацияланбаған валютаны алып өтудің 38 фактісі анықталған. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 636 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша тәркіленген.
Шри-Ланка азаматтары өзге елдің төлқұжатымен Қазақстанға өтпек болған
Еске салайық, бұған дейін ҰҚК Шекара қызметі 2026 жылғы мамырда құзырлы органдармен бірлесіп, Қазақстан заңнамаларын бұзған 3 881 адамды ұстаған болатын. Олардың ішінде 1 125 шетел азаматы бар.