Фото: jetiertegi
Жобаның авторлары – 15 жастағы Аяулым Нұртай мен 16 жастағы Назым Шайзат. Олар республикалық El Umiti Premiasy байқауына қатысу кезінде қазіргі балалардың қазақ тіліндегі ертегілерді сирек оқитынын байқап, осы мәселені шешуді мақсат еткен.
JetiErtegi платформасы нейрожелі технологиясының көмегімен әр балаға өзін қазақ тіліндегі ертегінің басты кейіпкері ретінде сезінуге мүмкіндік береді.
Қатерлі ісікті анықтауға бес сурет жеткілікті: Жас ғалым әзірлеген алгоритмнің ерекшелігі қандай?
Жобаны әзірлеу барысында Аяулым платформаны бағдарламалау, OpenAI нейрожелісін біріктіру, интерфейс дизайны мен иллюстрациялар жасау жұмыстарын атқарса, Назым нарықты зерттеу, қаржылық модель құру және жобаны дамыту бағытына жауапты болған.
Әзірлеушілер платформаны мүмкіндігі шектеулі балаларға да қолжетімді етуге ерекше назар аударған. Осы мақсатта жобаға дислексиясы бар балаларға арналған OpenDyslexic қарпі, мәтінді үлкейту және дыбыстап оқу функциялары енгізілген.
Оралдық оқушылар қант диабетінің мөлшерін тексеретін құрылғы ойлап тапты
El Umiti Premiasy байқауында жоба әлеуметтік маңызы мен жобалық ерекшеліктерімен 700-ден астам өтінімнің арасынан үздіктер қатарына енген. Нәтижесінде оқушылар 1 миллион теңге көлемінде грант иеленді.
Жоба авторлары грант қаражатын iOS және Android жүйелеріне арналған мобильді қосымшаларды әзірлеуге, серверлік инфрақұрылымды кеңейтуге және платформаның қолжетімділік мүмкіндіктерін дамытуға бағыттамақ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында 10-сынып оқушысы тұрмыстық пластик қалдықтары арқылы асфальт төсеудің жаңа тәсілін ойлап тапқан еді.