Білім • Бүгін, 16:07

Биыл оқу жылын аяқтаған оқушылар саны соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті

1 мин
оқу үшін

Биыл елімізде оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтады. Бұл – соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл оқу жылын аяқтаған оқушылар саны соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті

Фото: Ерлан Омар/egemen.kz

Оқушысы көп өңірлердің үздік үштігін Түркістан мен Алматы облысы және Алматы қаласы бастап тұр.

Бұл деректерді статистика саласының мамандары талдап-таразылады. Олар ел өміріне қатысты маңызды ақпаратты жинап, өңдейді. Ал бұл мәліметтер Қазақстанның дамуына қажетті шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, 2025-2026 оқу жылы аяқталды. Оқу жылын аяқтаған 3,9 миллионнан астам оқушының 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.

Соңғы жаңалықтар