Қоғам • 05 Ақпан, 2024

Атырау ұландықтары қырағылық танытты

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда психотроптық дәрі-дәрмектерді колонияға әкелу әрекеті тоқтатылды, деп  хабарлайды Egemen.kz  Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сүйеніп.

 

Атырау ұландықтары қырағылық танытты

Фото: Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

«Атырау ерлер колониясы жедел бөлімінің бастығы Мұратбек Бермахановтың хабарлауынша, тыйым салынған заттар 29 қаңтарда ҚР Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп ҚАЖД №15 мекемесінің жедел қызметкерлері тексерген кезде «Еңбек Батыс» РМК «Газель» автокөлігінен табылған.

Көлік жабық мекемеге азық-түлік әкеледі. Тексеру кезінде еттің арасына тығылып салынған екі бөтелке психотроптық дәрі-дәрмектері бар жасырын байлам табылды: 87 Трамадол таблеткасы», делінген ақпаратта. Осы  дерек бойынша, полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады.