Оқиға • 05 Наурыз, 2024

«Оталарды тоқтатқанда салдары өкінішті болар еді». Дәрігерлер жер сілкінісі кезінде қалай ота жасағандарын айтып берді

113 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

4 наурыз күні таңертең болған жер сілкінісі кезінде Алматының көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері оталарды тоқтатқан жоқ, себебі, олар үшін қандай жағдай болса да, адамдардың жанын сақтап қалу маңызда болды, деп жазады Egemen.kz.

«Оталарды тоқтатқанда салдары өкінішті болар еді». Дәрігерлер жер сілкінісі кезінде қалай ота жасағандарын айтып берді

фото: Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі 4 наурызда бес балдық жер сілкінісі кезінде дәрігерлер науқастарды қауіпсіз жерге алып шыққанын хабарлады. Алайда хирургтар өз орындарында қалып, хирургиялық оталарды жалғастырды.

«Әрине, жер сілкінісін барлығы сезді. Бірақ операция үстелінде үш тыртығы бар науқас жатты, біз жоспарлы кесарь тілігін жасадық. Медбикелер үстелді, анестезиолог науқасты, мен жаңа туған нәрестені ұстап тұрдым. Бақытымызға орай, бәрі ойдағыдай болды, операцияны сәтті аяқтап, шұғыл эвакуацияландық», дейді акушер-гинеколог Гүлжахан Жұмадулаева.

Кардиохирург Тимур Ибрагимов 68 жастағы науқасқа коронарлық шунттау операциясын жасағанын айтты.

х

«Егер біз, кардиохирургтар, операцияны тоқтатқанда, оның салдары айқын болар еді. Әрине, қорқынышты болды. Біз операция бөлмесінде жатқандардың барлығына алаңдадық, бірақ біздің басты міндетіміз - кез келген төтенше жағдайда науқастың өмірін сақтап қалу еді», деді кардиохирург Тимур Ибрагимов.

Травматолог Бекзат Бейсенов жамбас сүйегіне остеосинтез операциясын жүргізіп жатқан еді. Ол жамбас сүйегі сынған әйелге ота жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 4 наурыз күні таңертең қуаты 5 балл болатын күшті жер сілкінісі болды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды. Негізгі дүмпулерден кейін қала тұрғындары тағы бірнеше рет дүмпулерді сезінді. Түстен кейін ғана Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтардың үйлеріне оралуы мүмкін екенін хабарлады.