• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

«Ауыл» партиясы ұсыныстарын ортаға салды

345 рет
көрсетілді

Астанада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылауға арналған көнференция өтті. Елбасы Жолдауы терең талданып, ондағы басымдықтар жө­нінде қызу талқыланған бас­қосу­ға партия мүшелері, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Конференцияға жетекшілік еткен «Ауыл» партиясы төраға­сының бірінші орынбасары То­лым­бек Ғабділəшімов жиын ба­­рысында бірінші кезекте Мем­лекет басшысының Қазақ­стан халқына арнаған Жолдау­ын­да атап көрсетілген мақсат-мін­деттердің маңыздылығына кеңі­нен тоқталып, аталған құ­жат­та қам­тылған міндеттерді халық­қа же­те түсіндіру қажеттігін сөз етті. – Жолдауда қамтылған бар­лық мәселелерді халыққа жете ұғындыруға біздің партиямыз ба­рынша атсалысуы қажет. Өйт­кені, бұл Жолдаудан туындайтын міндеттердің ойдағыдай жүзе­ге асуы қарапайым халыққа тіке­лей байланысты, – деген Т.Ғаб­діләшімов Жолдауда Елбасы атап көрсеткен əр тапсырманың түпкі мақсаты елімізді экономикалық дамудың жаңа кезеңіне шығару екенін жеткізді. Жиын барысында Жолдауды кеңінен насихаттауға бағытталған баяндама тыңдалып, ондағы ай­тылған мәселелерге орай қаты­сушылар өз ойлары мен ұсыныс­тарын ортаға салды. Қорыта айтқанда, конфе­рен­цияға жиналғандар Жолдаудың мән-маңызының жоғары екенін, оның ел дамуына жаңаша сер­пін беретінін атап көрсетті. Қаты­сушылардың айтуынша, биылғы Жолдау – уақыт талабына сай қабылданған маңызды құжат. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар