• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

ОПЕК пен АҚШ мұнай бағасын екі жаққа тартып тұр

412 рет
көрсетілді

ОПЕК-тің ай сайынғы есебінде айтылған қаңтардағы өндіріс көлемінің жоспарлы көрсеткішке қысқарғаны туралы жаңалыққа қарамастан, мұнай бағасы төмендеп кетті, деп жазады investing басылымы. Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 09:00-де Брент маркалы мұнай 55,83 долларға бағаланды. Қазіргі таңда ОПЕК елдері өндіріс көлемінің азайтылуы өткен желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда тәулігіне 890 мың баррельге азайып, қазіргі таңда 32,14 млн баррельді құрады. ОПЕК ұйымының мәліметінше, өндірісті ең көп азайтқан елдер Сауд Арабиясы, Ирак пен БАӘ. Естеріңізге сала кетейік, ұйым қаңтар айынан бастап жыл ортасына дейін мұнай өндірісін тәулігіне 1,16 млн баррельге азайтуға кіріскен. Халықаралық энергетикалық агенттік өткен аптада қаңтар айындағы өндірістің азайтылуы жоспарлы көрсеткіштің 90 пайызына жеткенін хабарлаған. Есесіне АҚШ-тағы мұнай өндірісі артып келеді. Baker Hughes мәліметінше, қазіргі таңда АҚШ-та жұмыс істеп тұрғ,ан бұрғылау құрылғыларының саны 2015 жылдың қарашасынан бергі рекордтық көрсеткішке жеткен.