• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

271 рет
көрсетілді

14 ақпанда ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде қар жауып, тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі сақталады, тек республиканың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және орталығында күн райы жауын-шашынсыз өтеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. 14 ақпан Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Атырау облыстарының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының кей аумақтарында бұрқасын соғып, тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын болады.
Соңғы жаңалықтар