• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Павлодарда қоғамдық көліктерге арналған қосымша іске қосылады

333 рет
көрсетілді

Павлодарда ағымдағы жылдың мамыр айында қоғамдық көліктердің жүру уақыты туралы ақпарат беретін мобильді қосымшаны іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Қала әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекованың айтуынша, бүгінгі күні павлодарлық және астаналық фирмалар қосымшаның жобасын дайындауда. «Әзірге қосымшаның қызметі мен GPS құрылғысының енгізілуі, жобаның құны қалай болары белгісіз. Наурыз айының басында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жобаны бекітіп, қажетті қаржыға сұраныс жолдайды. Кейін конкурс жарияланып, заманауи жобаны жасап шығаратын жеңімпаз мердігер анықталады», - деді баспасөз хатшысы. Сондай-ақ, Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы да пәтер иелерінің кооперативтеріне (ПИК) арналған қосымшаны жарыққа шығармақ. Бұл жобада қала бойынша ПИК басшылары мен арнайы мамандардың телефон нөмірлері көрсетіліп, тұрақты сараптама жасалып тұратын болады.
Соңғы жаңалықтар