• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Өскеменде жол ақысы қымбаттайды

439 рет
көрсетілді

Өскеменде 22 ақпаннан кейін автобустарда жүру құны 90 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды yk-news.kz. «Қала әкімдігінің қаулысы (қалалық әкімдіктің жолда жүру ақысының жаңа тарифін бекіту туралы) 22 ақпан күні күшіне енеді»,-деп түсіндірді әкімдіктің құзылы орган өкілдері. «Осы күннен бастап, автобустар мен маршруттық бағыттағы қоғамдық көліктердің құны 90 теңге болады. 15 жасқа дейінгі мектеп оқушылары үшін қоғамдық көлік бағасы - 45 теңге, зейнеткерлер мен жасы 70-тен асқан азаматтардан 50 теңге төлеу талап етіледі. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен ҰОС-ның ардагерлері бұрынғысынша автобуста тегін жүреді. Өзге жеңілдіктер нақты тасымалдаушымен жасалған келісім негізінде жүзеге асырылады. Олардың әкімшілік өкілдері келісім талаптарын көлік салонына іліп қояды»,-делінген хабарламада.