• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа добын таныстырды

404 рет
көрсетілді

2016/2017 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі мен финалының ресми добы таныстырылды. Бұл туралы УЕФА туиттер желісіндегі парақшасында хабарлады. «Finale Cardiff» деген атауға ие болған допты «Аdidas» компаниясы дайындап шығарған. Бұл доппен командалар плей-офф кезеңдері мен финалда ойнайтын болады. Дизайны Уэльс елінің ұлттық танымбелгісі айдаһар суретімен бейнеленген. Айта кетейік, осы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 3 маусым күні Кардифф қаласында өтеді. Ертең плей-офф ойындары басталады.
Соңғы жаңалықтар