«223,1 млрд теңге көлеміндегі инвестиция барлық салалардағы өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Ол еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етті», - делінген әкімдік хабарламадасында.
12,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды, орташа айлық көрсеткіш 17,5 пайызға өсіп, 104 мың теңгені құрады. Жалпы өңірлік өнім адам басына шаққанда 1,2 млн теңгеге артты. 2016 жылы өнеркәсіптік салада 420,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді, ол өткен жылғы көрсеткіштен 85,2 млрд теңгеге жоғары, ФИК – 104,3 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі 72 пайызға дейін артты. ИИДМБ негізінде басым салалардың жобалары көбейді. Өнеркәсіптік өндіріс саласына құйылған инвестиция 24,9 млн долларды құрады. Өңдеу салаларында – металлургия, астық өнеркәсібі, сусын өнеркәсібі саласында өсім байқалды. 2016 жылы алтын өндіру көлемі 26,2 тоннаны құрады.
•
14 Ақпан, 2017
2016 жылы Ақмола облысында 12,5 мың жұмыс орны ашылды
271 рет
көрсетілді