• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Дональд Трамптың кеңесшісі Ресеймен байланыстары үшін отставкаға кетті

277 рет
көрсетілді

АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флинн отставкаға кетті деп хабарлайды CNN. Оның қызметтен кетуіне Ресеймен жүргізген келіссөздері себеп болған. Мәліметтерге қарағанда, Майкл Флинн президент Дональд Трамп қызметке кіріспей тұрып Ресей елшісімен АҚШ-тың санкцияларын талқылаған. Және ол әңгімелер туралы әкімшіліктің ресми тұлғаларына, оның ішінде вице-президент Пенске толық ақпарат бермеген. Флиннің Ресей елшісі Сергей Кислякпен әңгімелері Трамп билікке келгеннен кейін АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары алынып тасталады деген пікір қалыптасуына себеп болған. Логан актісіне сәйкес, АҚШ-та жеке тұлғалардың АҚШ пен өзге елдер арасындағы қарым-қатынасқа аралсуына тыйым салынған.  
Соңғы жаңалықтар