WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша бірінші жартылай орта салмақта әлем чемпионы Қанат Ислам 17 ақпан күні кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бұл айқасты «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
«Қазақ» деген лақап атпен әлемге танылған боксшымыз АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ньюарк қаласында бразилиялық Робсон Ассиспен күш сынасады. Ал елімізде бұл айқас 18 ақпан күні 08:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, 2006 жылы кәсіпқой боксқа келген Робсон Ассис бүгінге дейін 19 ұрыс өткізіп, үшеуінде есе жіберсе, қалған 16 жекпе-жегін жеңіспен (9 нокаут) аяқтаған. Ал отандасымыз шаршы алаңда барлығы 22 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен (18 нокаут).