• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

Сирия мәселесі бойынша кездесу бір күнге шегерілді

560 рет
көрсетілді

Астана процесі аясындағы Сирия дағдарысын реттеуге арналған кезекті отырыстың уақыты бір күнге шегерілді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. «Астана процессі аясындағы Сирия дағдарысын реттеуге арналған жоғары деңгейдегі кезекті кездесу 2017 жылдың 16 ақпаны күні 12:00-де басталады. Кездесудің уақыты техникалық себептерге байланысты шегерілді», - делінген ресми хабарламада. Айта кетейік, кездесу бүгін, 15 ақпан күні басталуы тиіс еді. ҚазАқпарат мәліметі бойынша онда Сирия жерінде әскери іс-қимылды тоқтату режімін сақтау мәселелері, соның ішінде нақты территорияларда аxуалды тұрақтандыру жайы сөз болады деген жоспар бар. Сондай-ақ, бірлескен шұғыл топ туралы ереже қабылданып, бітімгерлік режімді күшейту және Женева келіссөздері алдындағы басқа да шаралар талқыға салынбақ. Сириядағы атысты тоқтатуға кепілдік беріп отырған Ресей, Түркия мен Иран мемлекеттерінің xабарлауынша, Астанадағы кезекті кездесуге Иордания Корольдігі, Сирия Араб Республикасы, сол жердегі қарулы оппозицияның өкілдері, БҰҰ Бас xатшысының арнайы өкілі С. Де Мистура, сондай-ақ АҚШ бақылаушы ретінде шақырылып отыр.