WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша бірінші жартылай орта салмақта әлем чемпионы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) бразилиялық Робсен Ассиспен өтетін кездесуге дайындығын аяқтады.
Соңғы жаттығу жиындарын қазақстандық былғары қолғап шебері Уилмингтонға жақын болған соң Филадельфия қаласында өткізді.
Оның қарсыласы Робсон Ассис те Бразилиядан Уилмингтонға келді. Ертең қос боксшы журналистермен кездесіп, баспасөз жинын өткізеді. Сонымен қатар, ашық жаттығу жиындары ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Қанат Ислам мен Робсон Ассис арасындағы айқас 17 ақпан күні Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) өтеді. Жекпе-жекті «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.