• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

"Дамудан" бір жылда 10 мың кәсіпкер несие алған

297 рет
көрсетілді

"Даму" қорының бағдарламалары бойынша қаржылық қолдау алған жобалардың жалпы құны 2016 жылы 650 млрд теңге болды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі. Жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы жалпы құны 336 млрд теңге болатын 7053 жоба қолдау тапты. 2016 жылы несиенің пайыздық үстемесін субсидиялау бойынша 2029 жобаға жалпы құны 282 млрд теңге қаржы бөлінді. Ал жылжымайтын мүлік жетпеген жағдайда несиені кепілдендіру бойынша 1104 жобаға 32 млрд теңге көмек берілді. "Даму" қорының жаңа бағдарламаларының арасында ең көп танымалдыққа ие болған «Даму микро» шағын несиелендіру жобасы. 2016 жылы осы бағдарлама арқылы 333 кәсіпкер 502,3 млн теңгеге несие алды. Бұлар негізінен көтерме және бөлшек сауда, автокөлік пен мотоциклдерді жөндеу секілді 286 жоба. «Даму Блиц» технологиясы бойынша 2016 жылы 79 кәсіпкер жалпы құны 1 млрд 83 млн теңгенің несиесін рәсімдеген. "Даму Оптима" бағдарламасы бойынша 28 жоба жалпы құны 567 млн теңге алды. Ал тағы 12 жоба былтыр "Даму" қоры бағдарламасының көмегімен франшиза ашуға мүмкіндік алды. Олардың алған несие сомасы 516 млн теңге.
Соңғы жаңалықтар