• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

БЖЗҚ басқаруында өзгерістер болады - Ақышев

390 рет
көрсетілді

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да бірқатар өзгерістер болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышевтың сөзіне сілтеме жасай отырып. «БЖЗҚ-дағы кемшіліктерді жоямыз, ақшаны пайдалану бойынша ішкі бақылау жүйесін күшейтеміз. Алайда, ең маңыздысы бар. Қазіргі кезде адамдар арасында жинақтау жүйесіне деген күмәнмен қарау мәселесі тұр», - деді Ұлттық банк төрағасы. «Инвестиция салу моделін таңдауда бәсекелестік принциптерін қалпына келтіргендей, зейнетақы активтерін басқару институттарында солай ету керек. Қазір салымшылар алдында таңдау жоқ. Зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ға аударылады. Зейнетақы қаржыларын басқаратын ұйымды таңдау және инвестициялық стратегия таңдау мүмкіндік қарастырылмаған. Мемлекет салымшылар үшін де барлығын өзі реттеп, тәуекелге барады. Сондықтан, біз, зейнетақы активтерін басқару функциясын жеке немесе шетелдік компанияларға беру туралы Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ұлттық банк зейнетақы активтері нарығында бәсекелестік болуын, салымшыларға таңдау ұсыну мәселесін қолдаған. Біз осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз», -деді Д.Ақышев.