• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

Путинцева Қатардағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

389 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Дохада өтіп жатқан WTA «Qatar Total Open» турнирін жеңіспен бастады. Жарыстың алғашқы айналымында отандасымыз швейцариялық Тимея Бачинскимен кездесті. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 6:1 есебімен басым түсті. 24 жастағы Бачински жарақатына байланысты кездесуді ары қарай жалғастыра алмады. Айта кетейік, швейцариялық теннисші қыздар арасында әлемдік рейтингте 15-орында келеді. Ал отандасымыз Путинцева – 27 орында. «Qatar Total Open» турнирінің келесі турында қазақстандық теннисші Лаура Зигмундты жеңген Моника Пуигпен кездеседі.
Соңғы жаңалықтар