Чемпиондар лигасының тарихында 223 матч өткізген «Барселона» өз қақпасына төрт голдан артық жібермеген. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады.
«Пари Сен Жермен» – «Барселонаға» төрт гол соққан алтыншы команда атанып отыр. Бұған дейін каталондық командаға Киевтің «Динамосы» (1997/1998), «Милан» (1993/1994 финал), «Валенсия» (1999/2000), «Челси» (2004/2005), «Бавария» (2012/2013 жартылай финал) командалары төрт голдан соққан.
Сонымен қатар, «Барселона» Чемпиондар лигасында 9 жылдың ішінде бірінші таймда алғаш рет екі гол жіберіп отыр. Соңғы рет 2008 жылы Шотландияда «Селтик» көк-анарлардың қақпасына алғашқы 45 минутта екі доп салған. Алайда, бұл кездесуде каталондықтар 3:2 есебімен басым түскен болатын.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының 1/8 финалында париждік клуб кеше «Барселонаны» қабылдап, 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Ал қарымта кездесу 8 наурыз күні «Камп-Ноу» стадионында өтеді.