Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирландиядағы, Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.