2016 жылдың 4 тоқсанының қортындысы бойынша Астана қаласы еліміздегі жұмыссыздық деңгейі бойынша 4,6 пайзды құрап, ең төменгі көрсеткішті сақтап тұр. Сонымен қатар, елордалық Статистика департаментінің деректері бойынша Астана қаласындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі бұрынғы қалыпта сақталды – 4,6 %. Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі 4,5%-ды құрады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
15 ақпандағы жағдай бойынша, жыл басынан бері Халықты жұмыспен қамту орталыңына бос жұмыс орындарын іздеп 1 976 адам келген. Олардың 60 пайызы жұмыссыздықтан сақтау шараларымен қамтылған.
Атап айтқанда, 629 адам жұмысқа орналастырылған, оның ішінде 71-і жастар практикасына, тағы 29 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген. Бұдан бөлек, 549 адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды.