• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

«ҚазАгро» басшысы Сербияға жұмыс сапарымен барды

293 рет
көрсетілді

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов Белградқа жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды холдингтің ресми сайты. Сербиядағы Қазақстан елшілігі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 23-26 тамыздағы Сербияға алғашқы ресми сапары және Сербия Республикасы Премьер-министрі Александр Вучичтің 2016 жылғы 14-16 қарашадағы Қазақстанға ресми сапарының шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырды. Атап айтқанда, «ҚазАгро» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Н.Малеловтің Сербия Ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау министрі Б.Недимовичпен, Сербия Сауда-өнеркәсіптік палатасының президентімен кездесулері, сондай-ақ Сербияның жетекші ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен бизнес-форум өткізілді. Кездесудің басында «ҚазАгро»-ның басқарма төрағасы Сербия тарапының өкілдерін елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалмен, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен, сондай-ақ Қазақстан Парламенті мен Үкіметінің өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған конституциялық өзгерістермен таныстырды. «ҚазАгро» ұлттық холдингінің қызметі, оның міндеттері мен іске асырылатын жобалары туралы баяндалды. Басқарма төрағасы холдингтің қолдау құралдарын пайдалану арқылы Қазақстан мен Сербияның ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері туралы айтып берді. Мысал ретінде, Қазақстан мен Венгрияның арасындағы инвестициялық қор жұмысының табысты тәжірибесін зерттеп білу ұсынылды. Сербияның Ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау министрі өз тарапынан Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін белсенді жұмыс жүргізуді жоспарлайтынын жеткізді. Атап айтқанда, ол биыл ауыл шаруашылығы саласында қызмет ететін бизнесмендер тобымен Қазақстанға сапармен баруға ниетті екенін білдірді.
Соңғы жаңалықтар