• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

Азиадаға қатысатын хоккейшілер тізімі белгілі болды

368 рет
көрсетілді

Қазақстан хоккей қауымдастығы Жапонияда өтетін қысқы Азиада ойындарына қатысатын хоккейшілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды vesti.kz. Азиада ойындары Жапонияның Саппоро қаласында ақпан айының 19-26 күндері өтеді. Тізімге барлығы 22 хоккейші ілінді. Оның екеуі ғана қақпашы. Құрама сапына шақырту алғандардың басым бөлігі жуырда ғана Алматы қаласында өткен Универсиаданың жүлдегерлері. Қақпашылар: Сергей Кудрявцев ("Торпедо"), Виталий Колесник ("Барыс"). Қорғаушылар: Артемий Лакиза ("Номад"), Георгий Дульнев ("Сарыарқа"), Антон Казанцев ("Арлан"), Станислав Зинченко ("Номад"), Мадияр Ыбырайбеков ("Барыс"), Иван Степаненко ("Номад"), Александр Куршук ("Оңтүстік Урал"). Шабуылшылар: Илья Ковзалов ("Номад"), Нұрсұлтан Белгібаев ("Барыс"), Константин Савенков ("Арлан"), Никита Михайлис ("Барыс"), Дмитрий Гренц ("Барыс"), Ярослав Евдокимов ("Номад"), Антон Петров ("Арлан"), Ильгиз Нұриев ("Құлагер"), Максим Волков ("Құлагер"), Антон Сагадеев ("Сарыарқа"), Кирилл Савицкий ("Номад"), Әлихан Әсетов ("Номад"), Алексей Анциферов ("Арлан"). Жаттықтырушылар ұжымы мынадай: бас бапкер Сергей Старыгин, жаттықтырушылар Юрий Михайлис, Георгий Верещагин және Владислав Занковец. Айта кетейік, 2017 жылғы қысқы Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы Жапония, Қытай және Оңтүсік Корея ұжымдарына қарсы өнер көрсетеді.
Соңғы жаңалықтар