• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2017

Көрмеге келушілердің қауіпсіздігі қалай қорғалады?

432 рет
көрсетілді

Бес миллионға тарта адамды қамтитын, әлемдік маңызы бар, ғылымның нағыз соны жаңалықтарының алаңына айналатын ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі қазақтың Астанасына үлкен жауапкершілік жүктейді. Байрақты шараға әзірлік жұмыстары әлдеқашан басталып кеткен. Қоғамдық тәртіпті қадағалап, адамдардың қауіпсіздігін күзететін тәртіп сақшыларының да дайындығы көңіл көншітеді.

Тәулік бойы тік тұрған

Көрме өтетін үш ай бойы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, оқу орындарының курсанттары, Қорғаныс министрлігінің әскерилері және мемлекеттік емес күзет құрылымдарының мамандары – барлығы 9 000-ға жуық адам қоғамдық тәртіпті қадағалауға және қауіпсіздікті сақтауға жұмылдырылады. Қазіргі уақытта, көрме кешенінің аумағында нысандардың құрылысы және пайдалануға тапсыру кезеңінде елордалық ішкі істер департаментінің жүзден аса қызметкері, Ұлттық ұланның жауынгерлері қауіпсіздікті тәулік бойғы режімде қамтамасыз етуде. Оларға бақылау-өткізу бекеттерін ұйымдастыру және жаяу патрульдеу қызметтері жүктелген. ЭКСПО қалашығында учаскелік полиция бекеті жұмыс істейтін болады. Онда 6 учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады. Сонымен қатар, көрменің логистикалық орталығы да қолданысқа енгізіледі, онда автокөліктерді тексеруді екі мобильді инспекция-тексеру кешені жүргізеді. 16 полиция қызметкері кіретін кешендердің персоналы арнайы оқытылды. Соның ішін­де ра­диациялық қауіпсіздікті қамта­масыз ету бойынша да дайындықтан өтті.

Сақшылар ағылшынша сөйлейді

Көрме қарсаңында ел­орда поли­ция­сының жеке құрамына көрме қо­нақ­та­рының қауіпсіздігін қам­тама­сыз ету, нысан­дар­ды күшейту және қыл­мыс­тар мен құқық бұзу­шы­лық­тар­дың алдын алу үшін қойыл­ған міндеттерді орындау жау­ап­кершілігі артылып отыр. Сондай-ақ, шараның жо­ғары мәртебесі ескеріліп, по­лиция қызметкерлерінің кә­сіби және қызметтік дай­­ын­­­дығына баса назар ау­дары­лады. ЭКСПО барысында қо­ғамдық тәр­тіпті қада­ға­­лауға тартылатын ішкі іс­тер органдарының алпысқа жуық қызметкері профайлинг әдісін мең­герді. Бұл – же­ке белгілерді, сырт­қы кел­бетінің сипаттамаларын, вер­балды және вербалды емес тәртібін талдаудың не­гіз­інде адам­ның әрекеттерін болжаудың пси­хологиялық әдістері мен әдіс­те­ме­ле­рінің жиынтығы. Сонымен қатар, көр­менің ашылуына орай тағы бір мың полиция қыз­мет­кері ағылшын тілін меңгермек. Курстар аптасына үш рет линга­фон­дық құрал-жаб­дықтары бар бөл­меде өте­ді. Онда ағылшын тілін­де қарым-қатынас ере­желері де үй­ретіледі. По­л­иция қыз­меткерлерін жо­­ға­ры бі­лікті педагогтар оқы­та­ды, олар полицияның тіл­дік ерекшелігіне бей­ім­дел­ген әдістемелерді қол­да­над­ы. Бұл өз кезегінде ше­т­­ел­дік аза­маттардың өті­ніш­те­ріне жедел жауап беру­ге мүмкіндік беріп, по­ли­ция­ның имид­жіне оң ық­пал ете­ді.

Бейнебақылау тыныштықты бекемдейді

Өткен жылы Жедел бас­қару орта­л­ығының қыз­мет­керлері бейн­е­ба­қылау жүйе­лерінің көмегімен 444 қылмыстық істі, 67 659 әкімшілік құқық бұ­зу­шы­лықты және жол ере­же­ле­рін бұзудың 23 953 дерегін анық­­таған болатын. Бүгінде ел­ордада 800-ге жуық бей­не­бақылау камерасы бар. Бұл тәртіп сақшыларының қыл­мыстардың алдын алуын және оларды ашу жұ­мыс­тарын едәуір жең­іл­де­тетіні рас. Биыл өтетін ЭКСПО­-2017 ха­­­лық­­ара­лық көр­месіне орай қала ма­ңы аумағын қам­ти отырып, тағы да 2 мыңнан астам бейнека­мера ор­нату жоспарлану­да. Сонымен бірге, 80 кө­ше қиылысында, 50 же­лілік учас­кеде фото және бей­не­­тір­кеу кешендерін орна­ту көз­делген. Ма­­ман­­дар­дың айту­ынша, бұл жұ­мыс­тар ауқымды ша­ра барысын­да қонақтар мен қала тұрғындарының қауіпсіздігін, тыныштығын қам­тамасыз етуге септеседі. Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар