• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2017

Жолдау басымдықтары талқыланды

537 рет
көрсетілді

Елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік ғылымдар факультетінің базасында «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ардагерлер ұйымдарының өкілдері кездесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі басымдықтарын талқылады. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында әлем­дегі соңғы жаһандық сын-қа­тер­лер ескеріле отырып, еліміз­дің ұлттық дамуындағы эконо­ми­ка­лық және саяси жағдайдағы бар­лық аспектілер қамтылғаны атап өтілді. Сонымен қатар, жиында мем­ле­кеттік бағ­дар­ламаларда қауіп­сіз­дікті қамта­масыз ету, эконо­микалық саясат­ты одан әрі жетілдіру, әлеуметтік әріптестік пен адами капи­талдың сапасын жақ­сарту, еңбек нарықтарын жаң­ғырту, әр­бір сектордың жау­ап­кер­шілігін арт­тыру жөнін­дегі даму бағыт­тары мен стратегия­сы анық­та­латыны, осы ретте Пре­зидент Жол­дауы бұрын қабыл­данып, бүгін­де жүзеге асырылып жат­қан маңызды стра­тегиялық құжат­тардың, «Нұрлы жол» мемле­кеттік бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жос­пары аясында қолға алынған шаралардың сәтті жалғасуына тың серпін беретіні айтылды. Бұдан бөлек, шара барысында сөз сөйлегендер білім беру мәселелері, ардагерлерді әлеуметтік қолдау, жастар және жастарға патриоттық тәрбие беру ісі туралы да әңгіме қозғады. Кездесуге «Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің, өзге де үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлардың өкіл­дері, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің профессор-оқытушы­лары мен студенттері қатысты. Іс-шара соңында ардагерлер мен студенттер Ауғанстаннан Кеңес Одағы әскерлерінің шыға­рыл­ғанына 28 жыл толуына орай тақырыптық отырыс өткізіп, Отанға деген сүйіспеншілік, отбасылық құндылық, білім мен тәрбие жөнінде пікір алмасты. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан» АСТАНА