• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2017

Қазақстан – демократиялық даму жолындағы ел

436 рет
көрсетілді

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ­стан­дағы билік тармақтары­ның өкілеттігін қайта бөлу туралы Үндеуі дер кезінде жариялануы­мен құнды және оны жоғары бағалауымыз керек. Сондай-ақ, бұл бастама Қазақстанның ертең­гі дамуына қатысты біздің ой-тұжырымдарымызды толықтыра түсетіні сөзсіз. Президент Н.Назарбаевқа Қазақ­стан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қоғамды игі іске ұйыстырып, экономиканы аяқтан тұрғызу оңайға түспеді. Қалай десек те, ол елдің еңсесін тіктей алды. Ендігі жерде Н.Назарбаев Қазақстан үшін жақын жылдары жүзеге асырылуы ықтимал үлкен саяси өзгеріс жасауға кірісіп кетпек. Яғни, Мемлекет басшысы қазіргі Президенттің кейбір өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке беру жөнінде бастама көтеріп, оны қоғам талқысына салуда. Бұл − құптарлық іс. Президенттің басым­дықтары стратегиялық маңызға ие әрі ол түрлі билік тармақтарындағы бай­ланыста шынайы төреші институт болып табылады деп санаймын. Бүгінгі таңда халықаралық қоғамдастық Қазақстанға Еуропа мен Азия арасын байланыстыру­шы дәнекер ел ретінде қарайды. Сондықтан да, Президент сыртқы саясат пен ұлттық қауіпсіздік және елдің қорғаныс саласын басты назарға ала отырып, осындай өзгеріс енгізуге ниетті. Демек, Прези­дент Н.Назарбаевтың бұл Үндеуін данагөйлік дәлелі деп атауға толық негіз бар. Ол өзінің аса маңыз­ды өкілеттігін бөлісіп, құзыретін табыстауда Қазақстандағы билік институттарының рөлін де қаперден шығармауда. Осылайша, Қазақстан демок­ратия­лық даму жолымен жүріп келеді. Мен бұл елдің халқы мұн­дай реформаны құптайды деген сенімдемін. Лорана ТАЙЕБА, «Prestige Communication» тобының бас директоры (Франция)