Жанармай өндірісі биыл 1,5 милионнан 2,9 млн тоннаға жетті, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында энергетика вице-министрі Әсет Мағауов.
«Біз Қазақстандағы мұнай өнімдерін белсенді қолданудың көрсеткішіне ие болып отырмыз. 2001 жылы 1,5 млн автомобиль тіркелген болатын, 2016 жылы олардың саны 3,9 млн-ға жетті. Сәйкесінше, бензинді қолдану 2001 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көбейді», – деді Әсет Мағауов.
Вице-министрдің айтуынша, жанармай тұтыну көлемінің көбеюі көлік санының артуына байланысты.
Қазіргі таңда Қазақстандағы жеңіл көліктердің басым бөлігі АИ-92 маркалы жанармайды тұтынатын көрінеді.
«Техникалық паспорт пен экологиялық тәртіптер негізінде барлығы 92 жанармайын тұтыну керек. АИ 80 – органикалық нарық – бұл өте ескі автомобильдер мен жеке көліктерге бағытталған», - деді вице-министр.