• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Басты бағдар – озық стандартқа сай болу

222 рет
көрсетілді

Астанадағы Назарбаев Университетте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізген талдау-сараптау есептеріне арналған семинар өтті. Бұл есептер аталған ұйымның Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты бағдарламасы шеңберінде дайындалған. ЭЫДҰ еліміздегі мемлекеттік бас­қару жүйесіне «Гендерлік саясатқа шо­лу», «Ашық Үкімет», «Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сындағы мемлекеттік басқару реформа­сы: анағұрлым тиімді, стратегиялық жә­не жауапкершілігі мол мемлекет құ­ру жо­лында» және «Міндеттер мен ре­сурс­тарды жауапкершілікпен бөлу: орта­лық­сыздандыру және Қазақстан Ре­с­пуб­ликасындағы көп деңгейлі мемлекеттік бас­қару» сынды 4 негізгі бағыт бойынша баға берген. Жиынға қатысқан сала маман­дары Экономикалық ынтымақтастық жә­не даму ұйымының есептерінің аясында мем­лекеттік басқарудың сапасын көтеру, орта­лық және жергілікті органдардың тиім­ділігін арттыру, ел дамуына қа­жетті стра­тегиялық міндеттерге қол жет­кізу тө­ңірегінде ауқымды жұмыстар ат­қа­рылғ­а­нын жеткізді. Мәселен, жиында сөз алған Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Елена Тарасенко Еуропа ел­дері қоғамды демократияландыру жолын­да бірнеше кезеңді бастан өткергеніне, яғни мықты демократиялық қоғамды қалыптастыру үшін көп уақыт қажет бол­ғанына тоқталды. «Тәуелсіздіктің ши­рек ғасыры ішінде елді әлеуметтік-эко­номикалық жағынан жеделдете дамыту үдерісі жүргізілді. Оған Елбасының биылғы Жолдауы мен Үндеуі де дәлел бола алады. Егер, Қазақстан мен ЭЫДҰ әріптестігіне келер болсақ, бір ғана ген­дер­лік саясат саласында атқарылған жұ­мыстарды айтсақ та жеткілікті болар. Ұлттық комиссияның аталған ұйым­мен ынтымақтастық орнатуы ЭЫДҰ-ға мү­ше елдердің гендерлік сая­сат сала­сын­да­ғы деңгейлері мен стандарт­та­ры­на жа­қындауға бағытталған біздің стра­те­гиялық міндеттерімізге сай келеді. Бұл рет­те, еліміз ЭЫДҰ елдерінің тәжі­ри­бе­сін, мықты сарапшылық әлеуетін, зама­науи әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, Қазақстанның гендерлік саясатын да­мытуға айрықша назар аударып отыр», – деді ол. Ұлттық экономика вице-министрі Мә­дина Әбілқасымова мемлекеттік бас­қару жүйесін реформалау әлемдік стан­дарт бойынша жүргізілетінін айтты. «Қазақстандағы әкімшілік реформа­лар­ды тереңдету үшін Мемлекет басшысы билік тармақтары арасында өкі­леттіктерді бөлу туралы ел азаматта­рына Үндеу жариялады. Бұл реформа – біз­дің қоғамды демократияландыру жо­лын­да­ғы кезекті қадам. Біріншіден, бұл – Үкі­метті және Парл­аменттің бақылау фун­­кциясын кү­шей­ту. Екіншіден, Пар­ла­мент пен Үкі­мет арасындағы өзара ық­пал­дастықты жақ­сарту арқылы олардың ел тұр­ғын­дарымен, сайлаушылармен және билік ор­гандарымен арадағы кері байланысын күшейту», – дей келе, ол бұлардың бар­лы­ғы ЭЫДҰ стандарттарына толық сай келетінін атап өтті. ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару жә­не аумақтық даму мәселелері жөніндегі де­партаментінің аға саяси сарапшысы Татьяна Теплова ұйым мен Қазақстан арасында экономика мен даму бағытында ты­ғыз ынтымақтастық орнағанын жеткізді. «Біз­дің жұмысымыз, әсіресе, мемлекеттік ба­с­қару саласында кездесетін өзекті де түйткілді мәселелерге бағытталды. Оның ішінде Үкіметтің ашықтығы, көп дең­гей­лі мемлекеттік басқару, Қазақстан Үкі­метін тиімді және транспарентті ету, ген­дерлік тепе-теңдікті сақтау секілді те­тіктер сараптамалық есептерімізге өзек бол­ды. Бұл есептер 2012 жылы ЭЫДҰ-ның Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйе­сіне қатысты бастаған жұмысының заңды жалғасы іспетті. Ал дәл қазіргі таңда біз Қазақстан мен ұйым арасындағы ұзақ жылғы әріптестіктің белгілі бір оң нә­тижесін көріп отырмыз», – деді өз сө­зі­нде Т.Теплова. Оның айтуынша, Қа­за­қ­стан анағұрлым зама­науи мемлекет, жаңар­тылған мемлекеттік қызмет жүйе­сін құру жолында маңызды қадамдар жа­сап келеді. Бұл күнгі отырыста сөз сөйлеген Мем­­лекеттік қызмет саласындағы Өңір­лік хаб бас­қарушы комитетінің тө­ра­ға­сы Әлихан Байменов әлемнің же­тек­­ші 35 мемлекетінің басын қосып отыр­­­ған Экономикалық ын­ты­мақ­тас­тық және даму ұйымының, оның ма­ман­­дарының тәжірибесінің не­гі­з­інде жа­­сал­ған ұсыныстар елдің әл-ауқатын жақ­­­сартуға, Үкімет пен министр­лік­тер­дің, әкімшіліктердің жұмысын жан­дан­­ды­­руға оң ықпалын тигізетініне се­нім біл­­дірді. «Жалпы, кез келген стра­те­гия­лық жоспардың шын мәнісінде, сая­­си құжатқа айналуына күш салу қа­жет. Со­ның нәтижесінде, оған мәселен, мини­стр­лік­тердің қызметі негізделуі тиіс», – деді Ә.Байменов. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»