• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

«СК-Фармация» басқармасына жаңа басшы тағайындалды

215 рет
көрсетілді

«СК-Фармация» ЖШС басқармасының жаңа төрағасы болып Максим Касаткин тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. «2017 жылғы 22 ақпанда ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес «СК-Фармация» ЖШС басқармасының жаңа төрағасы болып Максим Касаткин тағайындалды», - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетсек, 3 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «СК-Фармация» компаниясының қызметін сынға алған болатын. Келесі күні Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «СК-Фармацияның» бірінші басшысы қызметтен шеттетілгендігін мәлім етті.