• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Ынтымақтастық орайындағы сапар

195 рет
көрсетілді

Таяуда «Астана» халықаралық қар­жы орталығының (АХҚО) бас­қарушысы Қайрат Келімбетов Нидерланд корольдігінде болды. Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру аясында өткен сапарды Қазақ­станның Нидерландтағы елшілігі мен АХҚО ұйымдастырды. Сапар аясында Қ.Келімбетовтің Ни­дерланд қаржы министрлігі мен орта­лық банкі басшылығымен, 115 мың кәсіп­орын жұмылдырылған Нидерланд өнеркәсіпшілері мен жұмыс берушілер конфедерациясының және «Residents Corporate Services» және т.б. компаниялар жетекшілерімен кездесулері өтті. Келіссөздер барысында шетелдік капиталы бар компаниялардың салық, ұйымдастырушылық және құқықтық реттеу жүйелерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ерекше назар сенімді басқару мен корпоративтік қызмет көрсету салаларындағы озық голланд тәжірибесіне аударылды. Кездесулер ая­сында тараптар қаржы-инвестициялық ын­тымақтастықты дамыту мен тәжірибе ал­масуға өзара мүдделілік танытты. Оған қоса, отандық делегация Амстер­дамдағы Дүниежүзілік сауда ор­та­лығына (WTCA) барды. Дүниежүзілік сауда орталықтары ассоциациясы бас­шы­лығымен болған келіссөздер қо­ры­тын­ды­сы бойынша «Астана» ха­лық­аралық қар­жы орталығын дамыту ая­сындағы ынтымақтастықты өрбіту мақ­сатында «WTCA» сарапшыларының ел­ор­даға сапарын ұйымдастыру бойынша уағ­даластыққа қол жеткізілді, деп хабар­ла­ды Сыртқы істер министрлігінің бас­па­сөз қызметі.