• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Бұл – көкейге қонымды етіп шешуге қосымша мүмкіндік

137 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов 20 ақпан күнгі Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке сұрақ қойған болатын. Онда төмендегі мәселе көтеріліп, былай делінген еді: «Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпыұлттық прог­реске жете алмайтыны Елбасы Жолдауында айқын айтылды. Заман көшіне ілесудің енді бұдан басқа жолы жоқ. Сонымен бірге, Жолдаудағы әр сөзге зер салып қарасақ, Президент осы жөнінде де кеңінен ойласуға мүмкіндік бергенін көреміз. «Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу керек», деді Елбасы. Жолдауда ағылшын тілін ен­гі­зу­ге әр мектептің дайын­дығын сара­лауға дейін айтыл­ған. «Мек­тептердің және мұға­лім­дердің деңгейі, әсіресе, ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңімен енгізуіміз керек», делінген онда. Мұнда барлығы да – мектептердің деңгейі де, мұғалімдердің деңгейі де, ауыл мен қала мектептері деңгейінің айырмасы да ескеріліп тұр. Барлығын ескергендіктен де Президент Жол­дауда осы мәселе бойынша «Тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын» деп қадап тұ­рып айтты. Бұдан артық не керек? Заман үшін, қоғам үшін, адам үшін аса маңызды мәселені кө­кей­ге қонымды етіп шешу үшін қосым­ша мүмкіндік беріліп тұрған жоқ па? Президент тапсырмасына орай сіз басқаратын министрлік осы мәселе, яғни үш тілді оқу­ға кезең-кезеңімен көшуді жүзе­ге асыру жөнінде қандай нақ­ты ұсыныстар дайындауда? Жол­дау­дан кейін осы бағыттағы жұмыс­қа қандай да бір өзгеріс, түзету енгізу көзделіп отыр ма?».