• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Отандық медицинаның өзекті мәселелерін зерделеді

216 рет
көрсетілді

Министрлік басшылығымен және ТОҒЗИ қызметкерлерімен кездесу барысында Б.Әйтімова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жария еткен 5 институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жос­парын орындау бойынша Пар­ламенттің қызметі туралы хабардар етті. Сенат комитетінің төрайымы өз сөзінде Мемлекет басшысы­ның «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын­дағы басымдықтарды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге баса назар аударды. Сенатор денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудағы инс­ти­туттың елеулі үлесін атап өтсе, ТОҒЗИ директоры Нұр­лан Батпенов институт жұмы­сымен таныстырды және оның қызметіндегі негізгі көр­сет­кіш­тер туралы айта келіп, инсти­тут­тағы және бүкіл елі­міз­дегі трав­матология-орто­педия қыз­ме­тіндегі өзекті мәселелерге тоқ­талды. Инсти­тут ұжымымен отан­дық денсаулық сақтау сала­сын дамы­тудың келешегі туралы мүдделі пікірсайыс өрістеді. Шараны қорытындылай келіп, Б.Әйтімова сенаторлар осы медициналық мекеменің жағ­­­дайынан ғана емес, жал­пы меди­цина саласының ахуа­лы­нан хабардар болғанын жет­кізді. Айтылған ұсыныстар елі­­мі­здегі сақтандыру меди­цина­сы саласының норма­тив­тік-құқық­тық базасын қалы­п­тас­тыру бары­сында ескерілетін болады. Бұл сапар міндетті әлеу­мет­тік медициналық сақтан­дырудың жаңа үлгісін енгізуге әзірлік аясында комитет мүше­лерін медициналық ұйым­дар­мен таныстыру шаралары бағ­дарламасы бойынша жүзеге асқан болатын. Комитет бұған дейін Міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қоры мен «Ұлттық нейрохирургия орта­лығы» акционерлік қоға­мының басшылығымен де кездесу өткізген болатын.