• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Кім қандай жаңалық ашты

978 рет
көрсетілді

●Алғашқы қағаз шы­­­­ға­ратын фабриканы аш­қан ғалым Ибн Фазыл. ● Қызылша және шешек ауруын анықтаған ғалым Рази. ● Микробты алғаш ан­ық­таған ғалым Ақ­шам­­седдин. ● Алапес ауруын тап­қан ғалым Ибн Жәс­сар. ● Обаның жұқпалы ау­ру екенін анықтаған Ибн Хатиб. ● Туберкулез микро­бын тапқан ғалым Кам­бур Уәсим. ● Көздің тор қабатын (сет­чатка) анықтаған ға­­­лым Ибн Рушд. ● Алғаш рет көз опе­ра­циясын жасаған ға­лым Аммар. ● Алғаш рет қатерлі іс­ікке операция жасаған ға­лым Әли Ибн Аббас. ● Кіші қан айналымын анықтаған ғалым Иб­нун­нафис. ● Алғашқы дәрігерлер бөлмесінің бастығы Әли­ бин Ридуан. ● Нөл санын алғаш рет қолданған ғалым Ха­­резми. ● Тригонометрияны алғаш тапқан ғалым Бат­­тани. ● Тангенс, котангенс және косеканс­ты алғаш рет қолданған ғалым Әб­ул Уәфа. ● Тригонометрия кі­табын жазған ғалым На­сируддин Туси. ● Алғашқы триго­но­ме­триялық формулаларын тапқан Ибн Юнус. ● Бином формуласын алғаш рет тапқан ғалым Омар Хайям. ● Алғашқы дифферан­циал кітабын жазған ға­лым Сабит бин Кура. ● Ондық бөлшекті ал­ғаш тапқан ғалым Ғия­сиддин Жамшид. ● Алғашқы астролябияны (астроно­мия­лық құрал) жасаған ғалым Зеркали. ● Жердің айналатынын анықтаған алғашқы ғалым Әбу Райхан Би­руни. ● Жердің айналасын алғаш өлшеген ғалым ағайынды Мусалар. ● Күннің бетіндегі дақ­­тарды алғаш рет ан­ық­­таған ғалым Ахмет бин Муса. ● Кибернетиканы ал­ғаш құрған ғалым Ис­маил Әл Ғазари. ● Оптиканың алғаш­қы негізін қалаған ға­лым Ибн Хейсем. ● Дауыстың физика­лық анықтамасын ал­ғаш жасаған ғалым әл-Фараби.