Сауд Арабиясы 2010 жылдан бергі ең үлкен экономикалық дағдарыстың алдында тұр, деп жазады RT.
Әскери шығындардың көбейгенінен пайда болған 100 млрд долларлық тапшылығын жою үшін мемлекет Таяу Шығыстағы ең ірі мұнай корпорациясы саналатын Saudi Aramco-ның акцияларын сатпақ. Дегенмен, осыдан түсетін табыс тағы да сол қорғаныс саласына бағытталмақ. Соның ішінде әскерилер мен АҚШ әскери инструкторларының жалақысына жұмсалады. Ал ел азаматтары мұндай шығынға наразылықтарын білдіріп көтеріліске шығуда. Мемлекет болса, оларды басып, жыл басынан бері 47 адамды өлім жазасына кесті.
Сауд Арабиясының бюджет тапшылығы 2017 жылы 100 млрд долларды құрайды. Moody’s агенттігінің мәліметінше, бұл ЖІӨ-нің 22 пайызы. Мұндай көрсеткіш қандай елді болмасын дағдарысқа ұшыратады. Ал 2016 жылы бюджет тапшылығы 90 млрд доллар болған еді. Бұл ЖІӨ-нің 18 пайызына тең болған.
Елдің королі мен оның экономикалық кеңесшілері 2017 жылы дағдарыспен белсенді күресе бастады. Бірінші кезекте ел билігі Saudi Aramco компаниясының 49 пайыз акциясын сату туралы шешім қабылдады. Жоспар бойынша, осыдан түскен табысты 2014-2016 жылдары 175 млрд доллар жоғалтқан резервтік қорды толтыруға жұмсайды.