• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

"Оскар". Бірнеше номинация бойынша 2016 жылдың үздіктері анықталды

457 рет
көрсетілді

Лос-Анджелесте өтіп жатқан "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімінде үздік шетелдік фильм жүлдесі ирандық режиссер Асгар Фархадидің "Коммивояжер" картинасына берілді. Бұл режиссер 2012 жылы "Надер мен Симиннің ажырасуы" атты фильм үшін де "Оскар" алған болатын.

Фильмде басты рөлді ойнаған ирандық актриса Таране Алидусти қаңтар айының соңында Дональд Трамптың америкалық визаны кейбір мұсылман елдеріне бермеу туралы шешіміне наразылық білдіріп, "Оскар" сыйлығын табыстау рәсіміне келмейтінін айтқан болатын. Сондай-ақ салтанатты рәсімге режиссер Фархади де келмеді. Америкалық киноакадемия мүшелерінің айтуынша, ол да өз әріптестерін қолдайтынын және АҚШ әкімшілігінің шешіміне қарсы екенін айтқан.

Сонымен, қазіргі уақытқа дейін мына номинациялар бойынша жүлдегерлер белгілі болды:

Екінші пландағы үздік актриса - Виола Дэвис Үздік анимациялық фильм - "Аңдар қаласы" Үздік қысқаметражды анимациялық фильм - "Балапан құмдауық" "Үздік дыбыс" номинациясы - "Келу" "Үздік костюмдер дизайні" номинациясы -  "Ғажайып аңдар және олардың мекені" "Үздік грим мен шаш үлгісі" номинациясы - "Отряд самоубийц" "Үздік визуалды эффектілер" номинациясы - "Джунгли кітабы" Үздік деректі фильм - "О. Джей: Америкалық" Сонымен қатар қоюшы режиссердің жұмысы үшін "Оскар" "Ла-Ла Лэнд" картинасына берілді. "Оскарды" табыстау рәсімін 220 мемлекетте трансляциялануда. Естеріңізге сала кетсек, жылдың үздік фильмі атану үшін 9 фильм сынға түсуде. Олардың ішінде ""Ла-Ла Лэнд", "Арыстан", "Ай сәулесі", "Кедергілер", "Манчестер теңіз жанында", "Хаксоу Ридж", "Жасырын пішіндер" сияқты фильмдер бар.