• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Жұмыла жұмыс істеу – парызымыз

286 рет
көрсетілді

Еліміз соңғы 25 жылдың ішінде бірқатар қиын кезеңді басынан кешірсе де, өзін тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзіне таныта білді. Бүгінгі жаһандық әлемнің бір бөлігі болғандықтан, көрші және басқа да мемлекеттермен қарым-қатынасымызды жандандырып, ел экономикасын дамытуға әрекет ету өте маңызды. Президенттің 2017 жылы 31 қаң­тардағы халыққа Жолдауында елімізді әрі қарай дамыту үшін Үкіметке не істеу керектігі нақты көрсетілген. Айта кетсек, Жолдауда әлеуметтік-эконо­микалық бағыттағы жұмыстарды дұрыс жүргізудің нәтижесінде халық­тың жағдайы жақсаратыны анық айтылған. Әсіресе, жағдайы төмен халықты урбанизация үдерісімен қамту және де «Нұрлы жол» бағдарламасы бойын­ша 1,5 миллион отбасын пәтермен қам­тамасыз ету жұмыстары аса маңыз­ды болып табылады. Әрине, бұл істер мемлекеттің дамуына, оның ішінде халықтың әл-ауқатының артуына ерекше әсер ететіні айдан анық. Сонымен қатар, бұл әрекеттер жаңа инфрақұрылымның, жұмыс орындарының пайда болуына және қалалардың әлеуметтік қана емес, архитектуралық жағынан көркеюіне септігін тигізетіні талассыз. Қалалардың өсіп-өркендеуіне тұрғындармен бірге зор әсерін тигізетін тұлғалар – жеке кәсіпкерлер. Олардың бюрократиясыз жұмыс істеулеріне және өздерін әрі қарай дамытуларына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер Жол­дауда нақты айқындалған. Осы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жұдырықтай жұмылып жұмыс істеу – әрбіріміздің парызымыз. Ермағамбет БИЖАНОВ, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Берлин техникалық университетінің магистранты