• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік – өркендеу жолы

1673 рет
көрсетілді

Заман бір орында тұрмайды, ол үнемі алға жылжиды. Оның талабына сай дәуір ди­да­­рының, адам мен қоғамның өзгеруі де ақиқат. Тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр тол­ған еліміздің даму жолы да өзгеріс үстінде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев стратег ретінде сәт сайын құбылған заман талабына, «Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдыру» міндетіне сәйкес, жаһандық бәсекеге қабілеттілігін шың­­дайтын Жолдауын жариялады. Стратегиялық маңызы зор құжат Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы кезеңінде атқарылатын жұмыстар кешенін қамтиды. Әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елі­нің­ қатарынан көрінуге бет алған Қазақ­стан­­ның дамуына қатысты көкейкесті мә­­се­­ле­­лерді көтерген Жолдауды оқи оты­р­ып, Көш­­басшысы кемеңгер ел кө­шінің еш­қа­шан адаспайтындығына та­­ғы бір мәр­те көз жет­кізгендейміз. Ел­­басының стра­те­гия­лық жос­пар­ла­ры­ның табысты жүзеге асы­ры­луы­­ның нә­тижесінде, Қазақстан жаң­­­ғы­ру­д­ың екі сатысын артқа тастап, үшін­ші­сіне қа­­дам бас­ты. Бұл жаңғыру – эко­но­­ми­ка­ның же­дел­де­тілген технологиялық жаң­­­­ғ­ыртылуы; биз­нес-ортаны тү­бе­гейлі жақ­сар­ту және ке­ңей­ту; макро­эко­­номикалық тұ­рақ­­тылық; ада­ми ка­пи­тал сапасын жақсарту; инс­ти­тут­тық ө­з­ге­ріс­терге, қауіпсіздікке және сы­­бай­лас жем­қорлықпен күреске қатысты бес ба­сы­м­дық­қа негізделген. Құжатта цифрлық тех­но­ло­гия­лар­дың кө­ме­гімен ел экономикасын одан әрі өркендету көз­деліп отыр. Осы бағытта Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзір­леу жә­не қабылдау туралы берген тапсырмасынан күні кеше ғана Пре­зи­де­нттің бірқатар өкі­­леттіктерін би­лік тармақтары арасында қайта бө­лу жөніндегі Үндеуімен астасып жат­қан­дығын көруге болады. Бүгінгі ғы­лым мен техниканың дамыған заманы­н­да елі­міз­де Төртінші өнеркәсіптік ре­волюция эле­­менттерін енгізу қажет­ті­гі атап өтілді. ЭКСПО-2017 ны­сан­дарының базасында IT-стартаптар ха­­лықаралық технопаркін құ­ру, На­зар­баев Университет және «Ала­тау» ин­но­­­вациялық технология­лар пар­кі базасында ғы­лыми және инно­­ва­ция­лық әлеуетімізді да­мы­ту мін­деттері қой­ы­лды. Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту мен ке­ңейтуді көздейтін екінші ба­сым­дық кә­сіп­­керлікті дамыту бағ­дар­ламаларын жүзеге асы­­ру мен ха­лық­ты жұмыспен қамтуға, мем­ле­кет­тік қыз­­мет көрсету үдерісін мейлінше оң­­­тай­ландырып, мемлекеттік-жеке­мен­­шік әріп­тестігін одан әрі дамытуға жә­не менедж­ме­нт пен корпоративті бас­қару сапасын ха­лық­аралық дең­гей­ге жеткізуге бағытталса, үшін­ші басымдық макроэкономикалық тұ­рақ­тылыққа негізделген. Әрине, Елбасы бұл ба­сымдықта ерекше назар­ды орта мерзім іш­ін­де инфляция дең­гейін 3-4%-ға дейін тө­мен­детуге қол жет­кізуге, қаржы секторын «қай­та жаң­ғыр­туға», Қор нарығын одан әрі да­мы­туға, салық-бюджет саясатын жаңа эко­­но­ми­калық жағдайға бейімдеуге ау­дар­ды. Осы ретте Ұлттық банкке зор жау­апкершілік жүк­теліп отыр. Кез келген елдегi бiлiм беру жүйесi ұл­т­­­тық мәдениеттiң және танымның көр­­­­се­т­кi­­­шi ретінде экономика, сая­сат, мәдениет са­­лаларындағы өзге­рiс­­­терге де әсер ете­тін­­дігі анық. Бiл­iм бүкiл әлемде тұлғаны әлеу­­мет­тiк-экономикалық үдеріске тиiмдi қа­­­тысуын қамтамасыз ететiн негiзгi фактор болып саналады. Сондықтан, Елбасы төртінші ба­сымдықта білім беруді экономикалық өсу­дің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру міндетін қойып отыр. Бұл ба­ғыт­­та оқыту бағдарламаларын білім алу­шы­лардың сыни ойлау қабілетін, өз бетімен із­дену дағдыларын дамытуға бағыттау, ұлт­жан­дылықты, IT-білім­ді дамыту жұмыстарын жүр­­гізу қажет­ті­лі­гіне тоқталды. Сондай-ақ, ғы­лымның не­гізі ағылшын тілінде екен­ді­гі­не жіті на­за аударған Елбасы оқыту жүйе­сі­не ағыл­­шын тілін кезең-кезеңмен енгізу ке­­рек­ті­гін атап өтті. Жоғары білім беру мәселесі де назардан тыс қалмады. Әсіресе, білім са­пасы, білім бе­ру бағдарламалары, жо­ғары оқу орындарын­да қыз­мет атқа­ратын кадр құрамы, оқу ор­ны­ның материалдық-техникалық базамен жаб­дық­талу деңгейіне қатысты ба­қылау мен талап күшейтілетін болады. Ел дамуының стра­те­гия­­сын дұрыс таң­дап, оны әрi қарай жүзеге асы­ру бірін­ші кезекте адами капиталға байла­ныс­­ты. Сондықтан, кез келген елдің бү­кіл әлем­дік жүйедегі болашақ орны мен рөлі адами ка­питалдың сапасына қатысты болғандықтан, Мем­лекет бас­шысы бұл мәселеге терең мән бе­ріп отыр. Сонымен қатар, Президент өзінің Жол­­дау­ында үстіміздегі жылдың 1 шіл­десінен бас­­тап мемлекеттің, жұмыс берушілердің, аза­­маттардың ортақ жауапкершілігіне не­гіз­дел­ген міндетті ме­дициналық сақтандыру жүйесі ен­гі­­зілетіндігін, заңнамалық тұрғыдан бар­лық дә­рі-дәрмектің бағасын реттеу қа­жеттігін айт­ты. Тағы бір аса мән берілген сала – әлеу­меттік қам­тамасыз ету саласы. 2017 жылғы 1 шіл­деден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зей­нетақы 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін артты­ры­лады. Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап ба­ла ту­ғанда берілетін бір реттік жәрдемақы кө­­лемі 20%-ға өседі. Бұған қоса, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеу­мет­тік кө­мек ең төменгі күнкөріс ше­гі­нің 40%-ынан 50%-ына дейін өседі деп белгіленген. Осының бар­лығы ха­лық­тың алаңсыз өмір сүруіне ал­ғы­шарт жа­сайтын болады. Бесінші басымдық бойынша Ел­басы Үкі­мет­ке бірқатар міндеттер жүк­теді. Солардың бі­­рі – кез келген дамушы мемлекеттегі қо­ғам дер­ті болып та­б­ылатын сыбайлас жем­қор­лық­тың туындау себептері мен ал­ғы­шарт­та­рын анықтап, оларды жоюдың жолда­рын қа­растыруды күшейтуді тапсырды. Со­­ны­мен қатар, діни радикализмге бай­ланысты әре­кет­терге қоғам мү­ше­ле­рінің «мүлдем төз­беушілігін» қал­ып­­тастыру, сот жүйесіне ел с­е­ні­мін арт­т­ыру, мемлекеттік сатып алу са­ла­сын одан әрі жетілдіру мәселелері қам­тылды. Жалпы, Жолдауда айтылған бар­лық ба­сым­дық елімізді одан да биік белес­тер­ді ба­­ғындыруға жетелейтіні анық. Мем­л­е­ке­т­і­міз­дің кемелді бола­ша­ғының айқын жос­па­ры болып табыла­тын Жолдауды ма­з­мұны, ал­­ға қойған мақсаты жағынан да стра­те­гия­лық маңызы зор құжат деп білемін. Ал ай­қындалған жоспарларды жүзеге асыру – баршамыздың абыройлы міндетіміз. Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор