• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Астанада журналистер арасында конькиден жарыс өтті

206 рет
көрсетілді

Қыстың соңғы күнінде елордадағы «Алау» мұз айдынында бұқаралық ақпарат өкілдері арасында Олимпиада ережесі бойынша ерлер мен әйелдер арасында 100 метр қашықтықта коньки тебуден жарыс өтті. Алғаш болып мұз айдынына нәзік жандылар шықты. Сегіз жұп өзара бақ сынағанмен, уақыт бойынша бұрын келген алтауы екінші кезеңге жолдама алды. Шешуші кезеңде мәре сызығын 20.63 секунд көрсеткішпен аяқтаған «Той Думан» телеарнасының тілшісі Арайлым Құлмағанбетова бірінші орынға ие болса, «Қазақстан» ұлттық арнасының қызметкері Мөлдір Асылбекова 22.54 секундта келіп, екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті ұлттық арнаның тағы бір журналисі Әсем Серікбай 23.00 секундпен түйіндеді. Нағыз бәсеке ерлер арасында өтті. Тоғыз жұп өзара мықтыларды анықтағаннан кейін ақтық сынға алты адам шықты. Мұнда 14.95 секундпен үздік көрсеткішке ие болған «Қазақ ТВ» тілшісі Ардақ Сәтпаев жарысты бірінші орынмен аяқтады. Ал 100 метрді 15.26 секундта бағындырған «Ұлттық музей» қызметкері Досжан Ысқақов екінші орынға ие болды. Үштікті «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Аян Әбдуәли 16.57 секундпен қорытындылады. Тілшілер арасындағы жарысты «Алау» мұз айдыны  мен «Республикалық радио» ЖШС бірлесіп ұйымдастырды. Дәстүрлі турнир осымен екінші жыл өткізіліп отыр. Шара былтыр «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына орай алғаш рет ұйымдастырылған болатын.